Іргетас
From Wikipedia, the free encyclopedia
Іргетас, фундамент (лат. fundamentum – негіз) — ғимараттың немесе құрылыстың түсірілген салмақты жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер не су астындағы бөлігі, ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.[1]
Әдетте іргетас темір-бетоннан, бетоннан жасалып, таспалы (қабырға және тіреу астына); тақта түрінде тұтас; иілгіш және қатты; монолитті және құрама болып ажыратылады. Іргетас түрі құрылыс алаңының геол. және гидрогеол. жағдайларына байланысты таңдалады.[2]