Айви Лигасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Айви Лигасы - (ағылш. Ivy League), АҚШ солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Американың және әлемнің ең үздік жоғары оқу орындар қауымдастығы. Ағылшынша "Ivy" қазақша шырмауық деп аударылады. Қауымдастықтың бұлайша аталуына университеттің көне ғимараттарының шырмауықпен көмкеріліп жататындығы себеп болды. Айви лигасына енетін университеттер білім сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Айви Лигасына кіретін сегіз жоғары оқу орындардың тізімі:
- Браун университеті
- Дартмут университеті
- Гарвард университеті
- Принстон университеті
- Пенсильвания университеті
- Йель университеті
- Колумбия университеті
- Корнелл университеті
Quick Facts Айви Лигасы (Айвилер; Көне сегіз.), Құрылуы ...
Айви Лигасы (Айвилер; Көне сегіз.) | |
---|---|
Құрылуы | 1954 |
Ассоциациясы | АҚШ колледждер арасында Бірінші Дивизион (NCAA) |
Дивизион | Бірінші дивизион |
Мүшелері | 8 |
Спорт бөліктері | 33 (ерлер: 17; бикештер: 16) |
Орналасуы | Солтүстік-шығыс АҚШ |
Басты офисі | Принстон, Нью Джерси |
Бастығы | Робин Харрис[1] ( 2009 бері) |
Сайты | ivyleaguesports.com |
Орналасуы | |
Close