Андромеда галактикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Андромеда галактикасы (Andromeda Galaxy, andrɒmədə), (немесе Мессье 31, қысқаша М31 және NGC 224, бұрынғы жазбалар бойынша "Андромеда тұмандығы" деп те аталады,} — Андромеда шоқжұлдызы бағытындағы спиралды (үйіріліп) айналатын жұлдыздық жүйе болып, жер шарынан шамамен 2 млн 500 мың жарық жылы қашықтықтағы галактикалық жүйе.
Ол Магеллан галактикасын (жер шары тұратын Құс жолы жүйесінің әріптес жұлдыздық жүйесі) айтпағанда жерге ең жақын галактика есептеледі. Оны Андромеда шоқжұлдызы бағытында адамзаттың ет көзімен де көруге болады (3,4-ші дәрежедегі), сондықтан ол көзбен көруге болатын ең алыс аспан денесі есептеледі. Андромеда галактикасы Жергілікті топжұлдыз (Local Group) шоғырындағы ең үлкен галактика, оның диаметрі шамамен 200 мың жарық жылы шамасында, сыртқы тұрқы Құс жолы жүйесінің пішініне ұқсап та қалады. Ол көбінесе M31 деп те аталады, өйткені Мессье жұлдыздық каталогы бойынша ол отыз бірінші диффузиялық аспан денесі жүйесі есептеледі. Жұлдыздық жүйе өзгерісін бақылайтын детектор ғарыш кемесі арқылы 2003 жылы түсірген 10 шақты суретті бірлестіріп зерттегенде, ондағы ақ-көк түсті жаңа тұрақты жұлдыз туындаған аймақтар бар екенін көреміз. Ал орталық өңірі өте көне мұздаған жұлдыздардан құралғаны байқалады.
Жергілікті топжұлдыз шоғырында Андромеда галактикасы, Құс жолы галактикасы, Үшбұрыш галактикасы, және басқа да 50 шақты ұсақ галактика топтасқан. Дегенмен, кейінгі жетілдірілген өлшеу аспаптары арқылы зерттеудің нәтижесі бойынша, қазір ғалымдар Құс жолында өте көп мөлшерде Күңгірт материя бар екені, сол қараңғы материя ғаламның негізгі мөлшерін ұстайтыны белгілі болды. Спитцер ғарыштық телескобының соңғы күзетуіне негізделгенде, Андромеда галактикасында шамамен бір триллион (1012) тұрақты жұлдыз бар екен, бұл Құс жолындағы тұрақты жұлдыздар шамасынан анағұрлым көп. 2006-шы жылғы есептеулер бойынша, Құс жолы Андромеданың 50% шамасындай ғана екен, яғни шамамен 7.1×1011M☉.
Андромеда галактикасын лайықты қараңғылықтағы ашық аспаннан ет көзбен көруге болады, бірақ ол көбінесе ауасы өте таза ауыл аспанынан, таулы өңірден ғана біршама анық байқалады. Көзбен көрінетін Андромеда галактикасы өте кішкене, өйткені оның өзек бөлігі ғана жарық шығарады, бірақ егер бұл галактиканы толық көретін болсақ, онда ол толған айдың 7 есесіндей болып көрінер еді.
Миллиардтаған жылдардан кейін біздің Құс жолы жүйесі Андромеда галактикасымен өзара соқтығысуы мүмкін деген жорамал бар.