Артур Сен-Леон
From Wikipedia, the free encyclopedia
XIX ғасыр 30-40-жылдары шырқау биігіне жеткен романтикалық балет XIX ғасыр екінші жартысында балет жанрының токырауына әкелді. Біртіндеп балет өзінің бұрынғы атақ-абыройынан айырыла бастайды. Бұл тек би стиліне ғана емес, сонымен қатар актерлік шеберлікке және Новер, Тальони, Перро идеяларының өміршеңдігіне де әсерін тигізді. Әсіресе бұл француз классикалық би мектебінде көрініс тапты. XIX ғасыр аяғындағы француз және итальяндық балетмейстерлік өнердің жарқын өкілдері Артур Сен-Леон мен Луиджи Манцотти болды. Олар қолданған тәсілдерде, ғажайып сахналық эффектілерде көрерменді балет жанрына жақындату мақсаты ғана емес, сонымен бірге сол кездегі театр ізденістерінің қарама-қайшыльщтары да болды. Ақырындап академиялық балет жанрының эстетикасы кұлдырай бастады, қойылымдар ойын-сауыққа айнала бастады.