Атом қуаты халықаралық агенттігі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) – ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдау, атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдалану жолындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту мәселелерімен айналысатын үкімет-аралық тәуелсіз ұйым. БҰҰ-жүйесіне кіреді, бірақ онымен арнайы келісім негізінде қарым-қатынас жасайды. Агенттік өзінің қызметі туралы БҰҰ бас ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жыл сайын мәлімет береді. Қазір оған 125 ел мүше. Ұйым бюджеті 256 млн. АҚШ долларынан астам. Атом қаруы бар мемлекеттерде (Ресей, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, ҚХР) ядролық қондырғылардың бір бөлігі өз еркімен АҚХА бақылауына қойылған. Израилдегі, Үндістандағы, Пәкістандағы бірқатар қондырғылар Агенттіктің бақылауынан тыс қалып отыр.
International Atomic Energy Agency | |
---|---|
Құрылуы | 1957 |
Бас кеңсесі | Вена, Аустрия |
Мүшелері | 125 мемлекет мүше |
Ресми тілдері | Араб тілі, Қытай, Ағылшын, Француз, Орыс және Испан тілдері |
Бас хатшысы | Мухаммед аль-Барадеи |
Ресми торабы | http://www.iaea.org |
АҚХА-ның маңызды қызмет ету салалары – атом қуатын бейбіт мақсаттарда пайдалану, осы салада тезникалық көмек көрсету, атом электр стансаларының (АЭС) қауіпсіздігін арттыру, радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру, радиоизотоптарды медицинада, т.б. адамзат шаруашылығында пайдалану. АҚХА қамқорлығымен Ресейдің, АҚШ-тың, Жапонияның және Еуропа қоғамдастығының ғылыми күштерін Халықаралық термоядролық сынақ реакторларын (ITER) жасау үшін біріктіру жобасы жүзеге асырылуда. АҚХА-ның бақылау қызметін жетілдіру және кеңейту шеңберінде 1997 жылы мамырда “Кепілдіктер жүйесінің пәрменділігі мен тиімділігін арттыру” бағдарламасы қабылданды. АҚХА ядролық заттардың зиянсыз айналымы жөніндегі ақпараттар мен деректерді жинап, талдап, қорытады. Тек мемлекеттер ғана АҚХА-ға мүше бола алады.
Басқарушы органдары: мүше елдердің жыл сайын шақырылатын Бас конференциясы, 35 адамнан тұратын Басқарушылар кеңесі және ағымдағы жұмыстарды іске асырушы екі мыңнан астам қызметкері бар хатшылар тобы, соңғысын бас директор басқарадыіқі. Штаб-пәтері Венада орналасқан.