Бөгдеғаламдық тіршілік
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бөгдеғаламдық тіршілік (ағылш. Extraterrestrial life[1], Бөгдекелімсектер) — жерден тысқары пайда болуы және өмір сүруі мүмкін делінетін гипотезалық тіршілік. Ондай тіршілік қарапайым прокариоттар болуы мүмкін, немесе тіпті адамзатқа қарағанда әлдеқайда дамыған өркениетті болуы да мүмкін деп болжанады.[2][3] Дрейк теңдеуі (The Drake equation) бойынша ғаламның кез-келген нүктесі мен түкпірінде интеллектуалды тіршілік болуы мүмкін. Бөгдеғаламдық тіршілік туралы ғылым саласы тұтастай Астробиология деп аталады.
ХХғ ортасынан бастап бөгдеғаламдық тіршілік белгілерін табу үшін белсенді зерттеулер жасалды. Бұл жұмыстар қазіргі және тарихтағы бөгдеғаламдық тіршілікті, әсіресе бөгдеғаламдық ақылды тіршілікті іздеуді қамтиды. Іздеу санаты бойынша, зерттеу әдісі телескоптар және үлгі деректерін анализдеуден бастап[4], байланыс сигналдарын анықтауға және жіберуге қолданылатын радиоларға дейін болады.
Бөгдеғаламдық тіршілік және бөгдеғаламдық интеллект тұжырымдамасы әсіресе ғылыми фантастикалық шығармалар арқылы адамзат мәдениетіне ықпал етуде. Талай жылдан бері ғылыми фантастика кең түсіндіру мүмкіндігіне ие бірқатар теориялық идеялар ұсынды. Адамзаттың бөгдеғаламдық тіршілік мүмкіндігіне қызығушылығы еш суыған емес. Тіпті алаңдау туғызған мәселелердің бірі - бөгдеғаламдық интеллектпен қарым-қатынас жасау даналығы. Кейбіреулер бөгдеғаламдық тіршіліктен сақтанып, агрессивті болуды дәріптейді. Ал, басқалары бұлай істеу интеллектті бөгдеғаламдықтардың жерге басып кіруін туғызып, жер шары өркениетіне қауіп төндіреді деп есептейді.[5][6]