КОКП ОК саяси бюросы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы (КОКП ОК саяси бюросы 1952 жылдан бастап 1966 жылға дейін — КОКП ОК төралқасы; орыс. Политическое бюро Центрального комитета Коммунистической партии Советского Союза (Политбюро ЦК КПСС, Президиум ЦК КПСС) — Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумдары аралығындағы басқару органы.
Сыртқы медиафайлдар | |
---|---|
КОКП ОК төралқасы. 1956 | |
КОКП ОК төралқасы. 1957—1964 | |
КОКП ОК саяси бюросы. 1971 | |
КОКП ОК саяси бюросы. 1981 | |
КОКП ОК саяси бюросы. 1986 | |
КОКП ОК саяси бюросы. 1988 |
Саяси бюроға партияның, ал бірпартиялық жүйе жағдайында – бүкіл мемлекеттің саясатын айқындайтын Орталық Комитеттің ең ықпалды мүшелері кірді, өйткені КСРО-ның 1936 жылғы Конституциясына сәйкес, коммунистік партия «еңбекшілердің социалистік жүйені нығайту және дамыту жолындағы күресіндегі алдыңғы жасағы» болды және «еңбекшілердің барлық ұйымдарының қоғамдық және мемлекеттік жетекші өзегі», ал КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясына сәйкес - Кеңес қоғамының «жетекші және бағыттаушы күші» (1990 жылғы наурызда 6-бап өзгертілгенге дейін) болды. Осылайша, Саяси бюроның мүшелері мемлекеттік қызметтерді атқармаса да, іс жүзінде КСРО-ның жоғарғы басшылығының қатарында болды.