Кения
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кения (ағылш. Kenya), Кения Республикасы (ағылш. Republіc of Kenya) — Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 582,6 мың км². Халқы 55 143 353 адам. Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21% шамасында), луйя (14%), луо (13%), календжин (11%), камба (11%), т.б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады. Ресми тілдері ағылшын тілі мен суахили тілі. Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Астанасы – Найроби қаласы.Кения – Британ достастығына кіретін республика. 1969 жылы қабылданған конституциясы бойынша елді жалпыхалықтық сайлауда 5 жылға сайланған президент басқарады (1978 жылдан Даниэль арап Мои). Жоғары заң шығарушы орган – бір палаталы Ұлттық жиналыс. Әкімшілік жағынан 7 провинцияға және астаналық округке бөлінеді. Ұлттық мерекесі 12 желтоқсан – Республика күні (1963). Ақша бірлігі – Кения шиллингі. Кения Шығыс Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен экватор сызығы өтеді. Саванналық өсімдіктер көп. Орталығы мен тау беткейлерінде — тропиктік ормандар, тау басында шалғынды өсімдіктер өседі.
Кения Республикасы Jamhuri ya Kenya Republic of Kenya | |||||
| |||||
Ұран: «Harambee (Бірге жұмыс істеу)» | |||||
Әнұран: «Ee Mungu Nguvu Yetu» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 12 желтоқсан 1963 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | ағылшын тілі, суахили | ||||
Елорда | Найроби | ||||
Ірі қалалары | Найроби, Момбаса | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті |
Уильям Руто Ригати Гачагуа | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 48-ші орын 580 367[1][2] км² 2,3 | ||||
Жұрты • Сарап (2017) • Санақ (2009) • Тығыздығы |
▲ 49 125 325[3] адам (28-ші) 38 610 097[4] адам 78 адам/км² (124-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
92,338 млрд.[5] $ 3,896[5] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
98,264 млрд.[5] $ 1,991[5] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,590[6] (орташа) (142-ші) | ||||
Валютасы | Кения шиллингі | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ke | ||||
ISO коды | KE | ||||
ХОК коды | KEN | ||||
Телефон коды | +254 | ||||
Уақыт белдеулері | +3 |