Негізгі тізбек жұлдыздары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Герцшпрунг — Рассел диаграммасындағы жұлдыздар жайласуы бейберекет емес. Олар белгілі бір өңірлерге арнайы орналасқан. Әсіресе сол жақ үстіңгі бұрыштан оң жақ астыңғы бұрышқа дейінгі тар өңірге көп санды жұлдыздар шоғырлы түрде орналасқаны бірден көзге түседі. Күн де осы диагональді өңірге жайғасқан. Осынау бояуы жарқырауын көрсететін жұлдыздар орналасқан диагональ Негізгі тізбек (Main sequence) деп аталады да, ондағы жұлдыздар Негізгі тізбек жұлдыздары (ағылш. main-sequence stars) немесе Ергежейлілер (dwarf) деп аталады.[1]