Траян Марк Улпий
From Wikipedia, the free encyclopedia
Марк Ульпий Нерва Траян (53 – 117) – Рим императоры (93 – 117). Антоний әулетінен шыққан. 91 жылы консул, 97 жылы жоғарғы Германияда билеуші мирасқор болды. Өкімет билігін орталықтандыруға ұмтылды. Император болғаннан кейін Траян әскері 101 – 102 және 105 – 106 жылдардағы соғыста дактарды жаулап алды. 114 жылы Ұлы Арменияны, кейіннен Парфияның астанасы Ктесифонды және бүкіл Месопотомияны (Парсы шығанағына дейін) бағындырды.[1] 107 жылы Траян алыс шығысқа бет алып, Набатеаны жаулап алады. Сонымен қатар қысқа мерзімге Тастақты Арабияның билігін қолына алады. 113 жылы Парфян патшалығына қарсы жорыққа шықты. 116 жылы Сузы қаласына дейін жетіп, Рим империясын барынша кеңейте түсті. Осыдан кейін ол қайтадан құрылыс жұмыстарын бастап, дамаскілік сәлетші әрі инжинер – Аполлодордың үлгісімен Дунай өзенін кесіп өтетін көпір салады. 106 жылы Дакия елін толығымен жаулап алады. Ол бірнеше жаңа ңимараттар, емкерткіштер, сондай-ақ Италия мен өзінің туған жері – Римдік Испанияда көптеген жолдар салды.[2]