Шотланд (германдық) тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шотландық тіл, скотс, ағылшын-шотландық тіл (Scots) — ағылшын тіліне жақын герман тілдерінің бірі, кейде ағылшын тілінің диалекті немесе аймақтық нұсқа ретінде саналады (ескі ағылшын тілінің орта-шотландық диалект). Шотландияның жазық даласында таралған (елдің оңтүстігі мен шығысы). Келтьттік шотланд тілімен (басқаша гэльттік) шатастыруға болмайды, сонымен қатар ағылшын тілінің шотландық нұсқасыменде.
Шотланд тілі | |
Өз атауы: |
Scots |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: | |
Реттейтін мекеме: |
Ирландияда: Ulster-Scots Agency |
Сөйлеушілер саны: |
1,5 млн адам |
Күйі: |
әлсіз |
Классификация | |
Санаты: | |
| |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
ISO 639-1: |
— |
ISO 639-2: |
sco |
ISO 639-3: |
sco |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Шотландиядағы ағылшын-норман ақсүйектерінің ықпалының күшеюі мен XIV ғасырдан бері сауда-саттықтың дамуы кезінде скотс кельттік шотланд тілін (гэлтік тіл) айналымнан ығыстыра бастады. Біртіндеп гэлтік тіл елдің таулы бөлігінің тұрғындары мен Гебрид аралының тұрғындарының арасындағы байланыс құралы болды, ал қала мен жазық дала тұрғындары, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік пен ақсүйектер скотс тіліне ауысты. XV ғасырдың соңында Яков IV гэлтік тілді меңгеріп алып, замандастарды таң қалдырды. 1603 жылы Англия мен Шотландияның бір монархтың басшылығына біріктірілгеннен кейін, ағылшын тілі скотс тілін ығыстыра бастады.
Шотланд тілінде бай әдебиет, ең алдымен поэзия орта ғасырдан бері өмір сүріп келеді (Джон Барбур, Роберт Генрисон, Уильям Данбар, Гэвин Дуглас). Әлемдегі ең танымал шотландық ақын - Роберт Бёрнс. Шотландық диалектизмдер, тіпті мәтіннің үзінділері әр түрлі уақытардағы ағылшын тілдегі авторларда кездеседі - Вальтер Скоттан бастап Ирвин Уэлшке дейін.