Қосаржұлдыз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қос жұлдыз[1] — кеңістікте бір-біріне жақын орналасқан және құраушылары өзара физикалық тартылыс күштерімен байланысқан қос жұлдызды жүйе.
Егер екі жұлдыздың өзара байланысы болмаса, тек көзбен қарағанда ғана бірге көрінетін болса, онда оларды Қос жұлдыз деп атаймыз. Қос жұлдыздың ең басты ерекшелігі екі жұлдыз бір-біріне арқандалып, бір біріне тіке әсер етіп, бірін бірі айналып жатуы. Екі жұлдыздың ішіндегі жарығырағы "негізгі жұлдыз", ал, екіншісі "ілесуші жұлдыз" деп аталады.[2] Оның құраушылары ортақ масса орталығы маңайынан эллипс бойынша айналып, Галактика кеңістігінде бірге қозғалады. Бірнеше құраушылардан тұратын қосаржұлдыздар еселі жұлдыздардың дербес тұрған түрі болып саналады.
Ашылу методикасы бойынша қос жұлдыз: көрінерлік (визуальды) қос жұлдыздар (олардың құраушыларын телескоптың көмегімен визуальды бақылауға немесе суретке түсіруге болады);
спектрлі қос жұлдыздар (қосарлану периоды ығысуы бойынша немесе олардың спектрлік сызықтарының жіктелуі кезінде байқалады);
фотометриялық қос жұлдыз (беттік құраушылар арасында температура айырмашылығы болғанда, көп түсті дәл электрфотометрия тәсілі оның жеке жұлдыздардан өзгешеліктерін көрсетеді) болып бөлінеді. Физикалық жүйе құрайтын қос жұлдыздар тобы физикалық қос жұлдыздар деп аталады. Физикалық жүйе құра алмайтын жұлдыздар оптикалық қос жұлдыздар деп аталады. Жұлдыздар массасын бағалайтын тәсілдер қос жұлдыздар массасын анықтауға негізделген.
17 ғасырдың орта кезінде Г.Галилей бірнеше қос жұлдызды ашты. 18 ғасырдың ортасына дейін не бары 20 шақты қос жұлдыз ашылса, 20 ғасырдың ортасына дейін шамамен 60000 көрінерлік қос жұлдыз белгілі болды. Қос жұлдыздардан басқа, қазір екіден көп жұлдыздардан құралған "Жұлдыздар шоғыры" да бар екені белгілі болып отыр. Қазақстанда қос жұлдыздарды зерттеумен Астрофизика институтының ғалымдары айналысады.[3]
Егер қос жұлдыздың мүшелерінің қашықтығы жақын, олардың сыртқы атмосферасына дейін тартылыс күш әсерін туғызып иліктіре алса, онда мұндай қос жұлдыздардың сапасы өзара ауыспалы болады. Бұл олардың әрқайсысы жеке тұрғандағыдан өзгеше сапалық сипатқа ие етеді. Мұндай қос жұлдыздардың әйгілісі Алголь, Арлан және Аққу Х-1 (олардың бір серігі Қара құрдым болуы мүмкін) қос жұлдызы белгілі. Кейбір галактикалық тұмандықтардың өзегі Қосаржұлдыздардан қалыптасқан, ол Ia алып жұлдыздары мен жаңа жұлдыздар тууының себебі есептеледі.