Айва қайнатпасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Айва қайнатпасы. Пісіп үлгірмеген және қатты жемісі жетіліп, жұмсаруы үшін бірнеше күн үйде ұстаған дұрыс. Айваның қабығын аршып, ішіндегі дәнін алып тастайды да, бөлшектеп кесіп кастрюльге салады. Үстіне қайнаған су құйып, жұмсарғанша (10-15 минут) қайнатады. Аршып алынған қабығын аз ғана суға бөлек қайнатып, оны сироп жасауға пайдаланады. Содан кейін жұмсарған айваға сироп құйып, 3-4 сағат қояды да, қайтадан әлсін-әлсін 3-4 рет (айва мөлдір түске айналғанша) қайнатады. [1]