Албания премьер-министрі
Албания үкіметінің басшысы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Албания Премьер-министрі (алб. Kryeministri i Shqipërisë), ресми қаратпа сөзі Албания Республикасының Премьер-министрі (алб. Kryeministri i Republikës së Shqipërisë) – Албания Республикасының үкімет басшысы және Албания саясатындағы ең маңызды лауазымы. Албания премьер-министрі атқарушы билік үшін жауапты және ол Министрлер Кеңесінің өкілі болып келеді. Министрлер Кеңесі тек ішкі ғана емес, тағы сыртқы істерге де араласады. Ол барлық министрлердің және басқа да органдардың жұмысын бақылайды.
Албания премьер-министрі алб. Kryeministri i Shqipërisë | |
Басқару түрі | |
---|---|
Ресми резиденциясы | |
Кандидатура ұсынылады | |
Өкілеттігінің мерзімі |
4 жыл |
Айлығы |
айына 228,730 лек |
Лауазым пайда болды |
29 қараша 1912 |
Лауазымдағы алғашқы қызметші |
Исмаил Кемали |
Сайты |
Премьер-министр Албания Президентімен таңдалады және лауазымын жоғалтпау үшін парламентімен қолдалу керек. Премьер-министр жасырын түрде және 4 жылға сайланады. Албания конституциясы премьер-министрдің сайлау мерзімдеріне шек қойған жоқ.[1]
33-ші және қазіргі премьер-министр – Социалистік партия ұсынған, 23 маусым күні 2013 жылы сайланған Эди Рама.