Анна (Ұлыбритания патшайымы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Анна (ағылш. Anne 6 ақпан 1665 — 1 тамыз 1714)[1] — 8 наурыз 1702 жылы Англия, Шотландия және Ирландия патшайымы ретінде таққа отырады. 1707 жылдың 1 мамырында Бірігу актісіне сәйкес Аннаның екі аймағы, Англия және Шотландия, Ұлыбритания патшалығына біріктіріледі. Өмірінің соңына дейін Ұлыбритания және Ирландия патшайымы болып өтеді. Ағылшын тағындағы Стюарттар әулетінің соңғы өкілі.
Анна Anne | ||||
Майкл Даль салған портрет, 1705 | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
8 наурыз 1702 – 1 мамыр 1707 | ||||
Тәж кигізу жорасы | 23 сәуір 1702 | |||
Ізашары | Вильгельм ІІІ | |||
Ізбасары | I Георг | |||
| ||||
1 мамыр 1707 — 1 тамыз 1714 | ||||
Ізашары | Лауазымы ұйымдастырылған | |||
Ізбасары | I Георг | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | Англикан | |||
Дүниеге келуі | 6 ақпан 1665 (1665-02-06) Лондон | |||
Қайтыс болуы | 1.08.1714 (49 жас) Кенсингтон сарайы | |||
Жерленді | Вестминстер Аббаттығы | |||
Династия | Стюарттар әулеті | |||
Әкесі | ІІ Джеймс | |||
Анасы | Анна Хайд | |||
Жұбайы | Георг Даниялық | |||
Балалары | Уильям | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
Анна өзінің заңды бала-шағасы болмаған ағасы ІІ Карлдің басқару кезеңінде туған. Оның әкесі Яков бірінші мұрагер болған, бірақ католик болғандықтан халық арасында әйгілі болмады. Анна мен оның сіңлісі Мария мұрагерлікте екінші бола тұра, ІІ Карлдің бұйрығымен протестантизмде тәрбиеленеді. Ағасы өмірден озған соң таққа әкесі отырады, бірақ, үш жылдан соң - 1688 жылы - революция кезеңінде тақтан тайдырылады. Аннаның інісі мен Мария, Яковтың екінші некесінен туған католик - Джеймс Френсис Эдуард және оның ұрпақтары мұрагерліктен алынып тасталынды.Содан таққа Яковтың үлкен қызы — ІІ Мария патшайым, оның күйеуі және бөлесі, протестант Вильгельм ІІІ Орандық отырып, елді бірге басқарады.
Апалы-сіңлілер қаншалықты жақын болғанымен, Мария таққа отырған соң олардың арасында Аннаның қаражат жағдайына байланысты түсініспеушіліктер пайда бола бастады, сөйтіп олар бір-бірінен алыстап кетті. Вильгельм мен Марияның балалары болмады, сондықтан, 1694 жылы Мария өмірден озған соң Вильгельм елді өзі басқарды. 1702 жылы оның өлімінен кейін Анна таққа келді.
Ол денсаулығына байланысты біраз қиналды. Әсіресе 30 жастан кейін ақсаңдап, толыса бастады. Анна Даниялық Георгпен некесіне және 17 рет екіқабат болғанына қарамастан, артына мұрагер тастамай өмірден өтті және Стюарттар әулетіндегі ең соңғы монарх болып есептеледі. Аннадан кейін таққа І Георг отырады.