Артериалдық гипертензия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Артериалдық гипертензи́я (АГ) немесе гипертония, гипертониялық ауру, жоғарғы қан қысымы (ЖҚҚ) (көне грекше: ὑπέρ «үстінде, жоғары» + τόνος «керу; тон») — артериялық қан қысымының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде көтерілуімен сипатталатын медициналық жағдай[1]. Жоғары қан қысым кезінде көп жағдайда симптомдар байқалмайды[2]. Алайда, АҚ-ның ұзақ мезгілде тұрақты түрде көтерілуі тәждік артерия ауруы, инсульт, жүрек жетіспеушілігі, жүрекшелер фибрилляциясы, перифериялық тамырлық ауру, соқырлық, бүйректің созылмалы ауруы және деменцияның пайда болу қауіпін жоғарылатыды[3][4][5][6].
Артериалдық гипертензия | |
Электронды тонометр | |
АХЖ-10 | |
---|---|
АХЖ-9 | |
OMIM | |
DiseasesDB | |
MedlinePlus | |
eMedicine | |
Жоғарғы қан қысым біріншілік және екіншілік болып бөлінеді[7]. Жоғарғы қан қысымының 90-95%-ын біріншілік (эссенциалдық) гипертензия (гипертониялық ауру) құрайды. Ол айрықша өмір салтымен және генетикалық факторлармен сипатталады[7][8]. Ауыру қауіпін жоғарылататын факторларға тағамда тұзды шамадан тыс пайдалану, семіздік, темекі тарту және ішімдік ішу жатады[2][7]. Қалған жағдайларда екіншілік, симптоматикалық артериалдық гипертензияны диагностикалайды: бүйрек (нефрогенді) — 3—4 %, эндокринді — 0,1—0,3 %, гемодинамикалық, неврологиялық, стрестік, ятрогендік (кейбір заттарды қабылдаудан кейін пайда болатын) және жүктілік кезіндегі АГ[7]. Бұл кездерде артериялық қан қысымының көтерілуі негізгі ауру симптомдарының бірі болып табылады.
Қан қысымы екі өлшем бойынша сипатталады — систолалық және диастолалық қысым, яғни максималды және минималды қысым[2]. Ересектердің көбінде тыныштық жағдайында қалыпты қан қысымы: систолалық 100—130 мм с. б., диастолалық 60—80 мм с.б. арасында болады[9][10]. Ересек адамдарда тыныштық жағдайында қан қысымы 140/90-ға тең немесе жоғары болса, артериялық гипертензия болып саналады[7][9][11][12]. Балаларда басқа өлшемдер қолданылады[13]. АҚ-на амбулаториялық жағдайда (офистен тыс, АҚТМ не АҚҮМ) 24 сағат бойы мониторинг жасау, офистік өлшемге қарағанда дәлірек болып табылады[7][1].