Арте повера
From Wikipedia, the free encyclopedia
Арте повера (итал. Arte Povera — кедейдің өнері) — ХХ ғасырдың екінші жартысында Рим, Турин, Милан және Генуя суретшілерін біріктірген көркемдік бағыт. Арте Повера суретшілері табиғат пен өндіріс арасындағы диалогты өндірістік немесе көркем емес материалдарды қолдану арқылы көрсетіп, дәстүрлі өнер түрлері мен көркемдік кеңістігінің шектеулерінен шығармашылықты босатқысы келді. Бұл қозғалыс Америкадағы арте повера секілді өндірістік материалдарды қолданған минимализммен бірдей уақытта оппозицияда және байланыста болып, халықаралық өнер сахнасында елеулі құбылысқа айналды. Арте повера суретшілері тұрғысынан, минимализм арте повера үшін маңызды болған поэтикалық, саяси және тарихи мәселелерді қарастырмады. Арте повера - тек қана суретшілер қауымдастығы болған жоқ, бұл, ең алдымен, жетекші мен сыншының көмегімен өзінің тұтастығын танытқан қозғалыс болды.[1]