Биатлон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Биатлон (лат. би... және грек. thlon — сайысу) — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді. Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді (1998). Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды.[1]