Германия жерлері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жер (нем. Land – «жер, ел»), қазіргі Германияда 1919 жылдан бастап орталықтандырылмаған негізде мемлекеттің құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық құрылымдар, ал 1949 жылдан бастап — федеративтік негізде.
Германияның Федеративті Республикасындағы федералды жер (нем. Bundesland), федерацияның «мемлекет мүшесі» (нем. Gliedstaat) болып есептеледі.
«Жер» (нем. Land) сөзінің әдеттегі мағынасынан айырмашылығы болуы үшін федералды жер (нем. Bundesland) термині қолдынылады, бірақ ГФР-дың басты заңдары немесе жер туралы конституция деген заңды құжаттарда ол қолданылмайды.
Германияның XIX ғасырдың ортасына дейінгі территориясында көптеген кішкентай бөлек мемлекеттер болған, ғасырлар бойы Германияның саясатты картасында айтарлықтай өзгерістер туындаған. Қазіргі Германияның территориясы 1945 жылдардан кейін орнаған. Бұл ретте дәстүрлі жерлестік ортақтығымен бірдей тарихи шекаралары жарым-жартылай ескерілген. Америкалықтардың, британдықтардың және француздардың басқыншылық еткен жерлері ГФР-дың құрамына енген. Кеңес өкіметі иелік еткен жерлер ГДР-дың құрамына еніп 1952 жылы 1990 жылдағы Германияның қосылуына дейін жер статусын жоғалтты.
Германияның Конституциялық құқығында жерлердің ГФР-дың федерациядан туындаған әкімшілік бірлігі емес, керісінше ГФР-дың жерлердің бірігуінен туындағаны жазылады. Жерлер конституциялық құқықтың субъектісі болып есептеледі және шектеулі халықаралық құқықтық субъектігіне ие. Жерлер «мемлекеттік жауапкершілік» артады. «Еркін мемлекет» терминіне үш жер ие (Бавария, Саксония және Тюрингии), бірақ бұл ерекшелік басқа жерлермен салыстырғанда ерекше құқыққа байланысты емес.
ГФР жерінен, батыстағы 10-ы, ГФР жеріне Германияның қосылуына дейін кірген жерлер, және олар «ескі» деген атқа ие. Ал шығыстағы, ГДР-дың қосылғанға дейін кірген 5 жері бейресми «жаңа» деп аталады. Берлин бұл «ескі» және «жаңа» системасына кірмейді.
Қазіргі уақытта Германия Федерациясында (ГФР) мемлекеттердің (жерлердің) өз конституциялары, сайланбалы заң шығарушы органдары (ландтагтары), ішкі ұйымдастыру және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерінде белгілі бір дербестікке ие мемлекеттік басқарудың барлық негізгі салаларындағы өкілеттіктер және федералды органдардың заңнамасы бар үкіметтері, сот билігі бар. Сөздің кең мағынасында «елден» айырмасы «федералды жер» термині (нем. Bundesland), бірақ, мысалы, Германия Федеративтік Республикасының Негізгі Заңы немесе жер конституциялары сияқты құқықтық құжаттарда ол қолданылмайды, оның орнына «Герман жерлері» (Deutsche Länder)[1] немесе «Германия Федеративтік Республикасы жерлері» (Länder der Bundesrepublik Deutschland) қолданылады[2][3][4][5][6].