Грунт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Грунт[1](нем. - grund -— негіз, топырақ) — көбіне жердің морылу белдеуі шегінде болатын және адамның инженерлік- құрылыс қарекетінің объектісі болып табылатын таужыныстардың жинақтама атауы, тау жыныстарынан, топырақтан, техногендік түзілімдерден тұратын құрамдас бөлікті динамикалық жүйе; жердің үгілу белдеміндегі тау жыныстарының құрылыс ісінде, жол құрылысында, инженерлік геологияда, тағы басқа ғылым мен өндіріс салаларында қолданылатын жиынтық аты.[2]
- Грунттар негізінен екі түрге бөлінеді:
- тұтас күйінде не жарықшалармен бөлінген массив қалпында жататын қатты Грунт Бұларға магмалық атпа жыныстар (гранит, базальт, тағы басқа), метаморфтануға шалынған жыныстар (гнейс, тақтатас, тағы басқа) және шөгінді жыныстар (әктас, құмтас, мергель, тағы басқа) жатады;
- түпкі жыныстардың үгілуінен, тасымалданып шегінуінен түзілген және олардың бетін көмкеріп, бос күйінде жататын борпылдақ Грунт (малта тас, қиыршықтас, құм, құмайт, саз, тағы басқа).