Екпетоғай
From Wikipedia, the free encyclopedia
Екпетоғай (Дендрарий; грек. derdron — ағаш) — ашық топырақта отырғызылған ағаштар мен бұталар коллекциясы. Екпетоғай, әдетте, ландшафтық парк ретінде жеке немесе ботаникалық бақ құрамында болуы мүмкін. Өсімдіктерді орналастыру тортібі — жүйелік, географиялық, экологиялық, декоративтік, т.б. белгілері бойынша жүзеге асады. ТМД елдерінде ең бай Екпетоғай Ресей ғылым академиясының Бас ботаника бағында (Мәскеу, Никита (Ялта маңы), Сухуми және Батум ботаника бақтарында (Грузия), сондай-ақ Сочиде.[1]