Жанкент (көне қала орны)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жанкент қорғаны — республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш. Қазалы ауданы территориясындағы Өркендеу ауылдық округінің орталығына іргелес жатқан биік төбе сияқты топырақ басқан қорғанның орнында VІІ - ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикент қаласы өмір сүрген. Түрікмен тарихшысы Абұлғазы Баһадүрдің айтуынша, оғыз еліне жүздеген жыл астана болып келген, Сыр өзенінің аяғында тұратын ұлы мұра - Жанкент қаласы еді. Оғыздар осы жерді ерте заманнан мекендеп, патшалары астана қала - Жанкентте отырған. Жанкент шаһары Сыр өзенінің сол жақ бетінде, Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде жатыр.
Жанкент | |
Мәртебесі |
Республикалық маңызы бар ескерткіш |
---|---|
Мемлекет | |
Қазіргі жері | |
Қалануы |
VII—X ғғ. |
Басқаша атаулары |
Янгикент, Дихи-Нау, Шахаркент, |
Орналасуы |
45°36′43″ с. е. 61°55′18″ ш. б.45.61194° с. е. 61.92167° ш. б. / 45.61194; 61.92167 (G) (O) (Я) (T) |