Жаңа Британия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңа Британия (ағылш. New Brіtaіn) — Тынық мұхиттағы Бисмарк архипелагының ең ірі жанартаулық аралы. Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің құрамына кіреді. Шартты түрде Батыс және Шығыс Британия деп бөлінеді. Ауданы 36520 мың км2. Халқы 340 мың адам (1995), негізінен, меланезиялықтар. Жері таулы, абсолюттік биіктігі 2438 метр (Кокопо тауы). Әрекетті жанартауы — Улавун. Климаты экваторлық, ылғалды. Жылдық орташа температурасы 24С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 6000 мм. Экваторлық ылғалды тропиктік орман өседі. Жергілікті тұрғындар жүгері, батат, маниок, қант құрағын, банан және басқа дақылдарды өсіреді. Кокос пальмасы, какао, кофе плантациялары бар. Аралдағы ең ірі порт — Рабаул қаласы.
Quick Facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Жаңа Британия ағылш. New Britain | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 35144,6 км² |
Ең биік нүктесі | 2438 м |
Тұрғындар (2011 жыл) | 500 000 адам |
Халық тығыздығы | 14,227 адам/км² |
Орналасуы | |
5°48′46″ о. е. 150°26′48″ ш. б.5.81278° о. е. 150.44667° ш. б. / -5.81278; 150.44667 (G) (O) (Я) (T) | |
Архипелаг | Бисмарк архипелагы |
Акватория | Тынық мұхит |
Ел | Папуа — Жаңа Гвинея |
Аймақ | Айлендс |
Аудандар | Шығыс Жаңа Британия, Батыс Жаңа Британия |
Жаңа Британия | |
Жаңа Британия Ортаққорда |
Close