Жұлдыздың меншікті қозғалысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұлдыздың меншікті қозғалысы – жұлдыздың аспан сферасындағы белгілі бір уақыттың ішіндегі қозғалысы.
Ол жұлдыздың кеңістіктегі пекулярлық (жұлдыздың өзіне тән меншікті орын ауыстыруынан (параллакстық - күннің жұлдызбен салыстырғандағы қозғалысы салдарынан болатын) қозғалыстарынан құралады. Жұлдыздар қозғалысының сызықтық жылдамдығы, шамамен секундына ондаған км-ге жуық. Әйтсе де жұлдыздарға шейінгі қашықтық орасан зор болғандықтан, бұл жылдамдыққа сәйкес келетін бұрыштық орын ауыстырулар (меншікті қозғалыстар) өте аз болады. Ол көп жылдар бойы бақылау арқылы ғана анықталады. Қазіргі бақылау құралдарының көмегімен жұлдыздардың кеңістіктік (сызықтық) жылдамдығын тікелей өлшеп, анықтай алмаймыз. Ол (сызықтық жылдамдық) көру сәулесінің жөнімен (жұлдыздық сәулелік жылдамдығы ) және осы көру сәулесіне перпендикуляр бағытталған (тангенциал жылдамдық) екі құраушыны бақылау арқылы есептеледі. Соңғы тагенциал жылдамдық жұлдыздың меншікті қозғалысы мен жұлдыздарға дейінгі қашықтықты өлшеу арқылы табылады.