Ислам ағымдары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пайғамбардың өлімінен кейін хадистерде айтылғандай мұсылман үмметі көптеген тармақтар мен ағымдарға бөлініп кетті. Олардың пайда болуына билік үшін күрес (шииттер мен харижилер), грек философиясының әсері (мутазилалалар, қадарилер, джәбрилер, джәһмилер), жалған пайғамбарлар (қадиянилер) және т.б. себеп болды. Кейбір ағымдар Ислам дінінің негізі саналатын сенімдерден ауытқып, басқа мұсылмандармен мұсылман саналмайды (исмаилиялар, друздар, әләуилер). Кейбір ағымдардың Исламнан алыстағаны соншалықты, олар жеке, Исламнан бөлек дінге айналып кетті (баһаилар).
Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:
«Шын мәнінде меннен кейін өмір сүргендерің көптеген қайшылықтар (ихтиләф) көреді, сондықтан менің және тұра жолмен жүретін әділетті халифалардың Сүннетін ұстаныңдар. Бұны азу тістеріңмен ұстаныңдар және бидғаттан сақтаныңдар, себебі әрбір бидғат — адасу»
—Әбу Дәуд (4607), әт-Тирмизи (2676), Ибн Маджаһ (42)
Тағы да:
«Яһудилер 71 ағымға, христиандар 72 ағымға бөлінген. Менің үмметім 73 ағымға бөлінеді — біреуінен басқасының барлығы тозақта» Сахабалар сұрады: «Олар кім?» деп. Бұған ол: «Мен және менің сахабаларым болған нәрсені ұстанғандар» деп жауап берді. Басқа нұсқасында: «Жамағат» деп жауап берген.
—Ахмад (4/102), Әбу Дәуд (2/503), әт-Тирмизи (3/367), әд-Дарими (2/241), әл-Хаким (1/128). Хадистің екі нұсқасы да сахих.