Италиялықтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Италиялықтар (өзд. атауы – италиани) – ұлт, Италияның байырғы халқы. Жалпы саны 68,5 миллионнан астам адам. (2007, бағалау). Италиядағы халық саны 54,9 миллион адамды құрайды. Олар сондай-ақ Еуропа елдерінде (Франция – 1,5 млн адам, Германия – 0,8 млн адам, Ұлыбритания – 0,2 млн адам, Бельгия – 0,2 млн адам, т.б.), Солтүстік Америкада (АҚШ – 17 млн. шығу тегі итальяндық адам, Санақ бюросының мәліметтері 2004 ж., Канада – 1,4 млн. адам, 2006, санақ), Оңтүстік Америкада (Аргентина – 1,9 млн адам, Бразилия – 0,5 млн адам, Венесуэла – 0,4 млн адам, т.б.) және Аустралияда (800,3 мың адам – 2001 ж., халық санағы) тұрады.[1] Италиялықтардың құрамында сицилиялықтар, сардиндер, венеттер, лигурлар, калабрилер, ломбардылар, пьемокттар, госкандар секілді субэтностық топтар бар.
Италиялықтар | |
италиани | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
68,5 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Италия |
54,9 млн. |
Аргентина |
1,9 млн. |
Франция |
1,5 млн. |
Канада |
1,4 млн, |
Аустралия |
800 300 |
Германия |
800 000 |
Бразилия |
500 000 |
Венесуэла |
400 000 |
Ұлыбритания |
200 000 |
Бельгия |
200 000 |
Тілдері | |
Діні | |