Канада әнұраны
From Wikipedia, the free encyclopedia
О Канада (ағылш. O Canada; фр. Ô Canada) — Канада ұлттық әнұраны. Канадада екі мемлекеттік тіл (ағылшын және француз) болғандықтан, канадалық әнұранның екі ресми нұсқасы бар. Нунавут территориясының аумағында жергілікті инуктитут тіліндегі нұсқасы да қабылданған, ол ағылшын және француз нұсқаларымен қатар орындалады.
Канада Канада | |
---|---|
Сөзін жазған |
Адольф-Базиль Рутье (Француз тілі, 1880) |
Композиторы |
Каликса Лавалле (1880) |
Бекітілді | |
Әнұран (сөзі, әні) | |
Әнұран бірінші француз тілінде Квебектің екі тұрғынымен жазылған болатын: автор — Адольф-Базиль Рутье, композитор — Каликса Лавалле. Канадалық әнұран алғаш рет 24 маусым 1880 жылы Квебекте Франсуа Жозеф Везина басқаруындағы оркестрмен орындалған болатын. Ол кезде «Ұлт әні» (фр. Chant National) деп аталатын француз тіліндегі ән болатын. 1906 жылы ағылшын тіліндегі аудармасы пайда болды, бірақ Канаданың ресими әнұраны ретінде бекітілген әнұран 1908 жылы Монреальдық Роберт Стэнли Уирмен жазылды. Содан бері француз нұсқасы мүлдем өзгертілмеген болса, ағылшын нұсқасы бірнеше рет өзгертілген болатын.
Дегенмен, ресми әнұран статусын тек 27 маусым 1980 жылы ғана алды, оған деін ресми әнұран ретінде британдық әнұран «God Save the Queen» саналып келген.