Латын тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Латын тілі (лат. latīnum, laˈtiːnʊ̃ немесе lingua latīna, ˈlɪŋɡʷa laˈtiːna) — Латиум (Лаций) және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі.[1]
Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді ежелгі Прото-Үнді-Еуропалық тілдің жалғасы. Этруск тілінің ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апеннин түбегінде қалыптасуына әсер етті. Қазіргі Роман тілдері латын тілі диалектісінің (дөрекі Латын) жалғасы. Сонымен қатар латын тілін көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері пайдаланады, және әлем бойынша кейбір білім беру институттарында әлі күнге дейін оқытылады.[2][3]
Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда және биологиялық таксономияда да қолданады. Латын және оның жалғасы болып есептелетін Роман тілдері Италик тіл семьясының сақталып қалған жалғыз өкілдері. Италик тобының басқа өкілдері жазба ретінде сақталғанымен де, кейін Рим республикасы кезінде латын тілімен жұтылып кетті.