Маңғыстау облысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлігі.
Қазақстан облысы | |||
Маңғыстау облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны |
5 | ||
Ауылдық округтер саны |
46 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
3 | ||
Ауыл саны |
59 | ||
Әкімі | |||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
43°52′ с. е. 052°00′ ш. б.43.867° с. е. 52.000° ш. б. / 43.867; 52.000 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
165 642 км² (7- орын) | ||
Уақыт белдеуі | |||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
▲ 766 956[1] адам (2023)(11- орын) | ||
Тығыздығы |
4,6 адам/км² (11- орын) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 91,57 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7292 | ||
Пошта индекстері |
13xxxx | ||
Автомобиль коды |
12 | ||
ISO 3166-2:KZ коды |
KZ-MAN | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы |
Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, №1 | ||
Ортаққордағы санаты: Маңғыстау облысы |
Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түрікменстан мен Өзбекстан мемлекеттері және Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылғы 20 наурызда құрылды. 1988 жылғы 2 маусымда таратылып 1990 жылғы 17 тамызда тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы — Ақтау қаласы.
Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды «Ұйқыдағы аруға» теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.
Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.