Мәскеу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мәскеу (орыс. Москва́, (айтылуы (ақп.))) — Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің еуропа бөлігінің ортасында, Мәскеу өзенінің жағасында орналасқан. Жер аумағы 1000 км2. Климаты қоңыржай континенттік. Орташа температура қаңтарда –10,2 °C, шілдеде 18,1 °C; жылдық жауын-шашын мөлшері 600 мм-ге жуық. Мәскеу – дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі. Халқы 11,5 млн (2011). Мәскеу – 13 – 14 ғасырларда Владимир Суздаль ұлы кінәздіктерінің, 15 ғасырдың соңғы ширегінен 1712 жылға дейін бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің, 1918 жылы наурыздан – 1922 жылдың желтоқсанға дейін РКФСР-дің, 1922 жылы желтоқсаннан – 1992 жылға дейін КСРО-ның астанасы болды. Мәскеу аумағындағы алғашқы қоныстар б.з.б. 2-мыңжылдықта пайда болды. 10 – 11 ғасырларда мұнда шығыс славян тайпасы – вятичтер қалашығы орналасты. Шежіре деректерінде 1147-жылдан ұшырасады.[4]
Ресей астанасы, федералдық маңызы бар қала | |||||
Мәскеу | |||||
орыс. Москва | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел |
РесейРесей | ||||
Федерация субъектiсі | |||||
Ішкі бөлінісі |
12 әкімшілік округ (125 аудан, 2 қалалық округ, 19 елді мекен) | ||||
Мэрі |
Сергей Собянин | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
55°45′21″ с. е. 37°37′04″ ш. б.55.75583° с. е. 37.61778° ш. б. / 55.75583; 37.61778 (G) (O) (Я) | ||||
Алғашқы дерек | |||||
Ресей астанасы | |||||
Федералдық маңызы бар қала | |||||
Жер аумағы |
2561,5[1] км² | ||||
Орталығының биiктігі |
118—255 м | ||||
Климаты | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▲ 12 678 079 адам (2020) | ||||
Тығыздығы |
4949,47 адам/км² | ||||
Агломерация |
15 512 000 адам[2] | ||||
Ұлттық құрамы |
орыстар (91,65 %), украиндар (1,42 %), татарлар (1,38 %), армяндар (0,98 %), әзербайжандар (0,53 %), еврейлер (0,49 %)[3] | ||||
Конфессиялар |
христиандар, мұсылмандар, иудейлер, буддисттер және басқалары | ||||
Этнохороним |
мәскеулік, мәскеуліктер | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+7 495, 499 | ||||
Пошта индекстері |
101000—135999 | ||||
Автомобиль коды |
77, 97, 99, 177, 197, 199 | ||||
ОКАТО коды |
45 | ||||
Басқалары | |||||
Марапаттары | |||||
mos.ru | |||||
Ортаққордағы санаты: Мәскеу |