Нью-Йорк
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нью-Йорк Сити (ағылш. New York City) — АҚШ-тағы ең тығыз мекенделген, ең ірі қаласы, әлемдегі ең урбандалған қала. Ол 1970-жылдан бері АҚШ-тың ең ірі қаласы болып табылады, әрі АҚШ-тың алғашқы астанасы болды, мұнда Джордж Уошиңтонның алғашқы ел президенті ретіндегі инаугурациясы өтті. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгі коммерция және қаржы орталығы болып келеді. Әлемге бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, білім, көңіл көтеру, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша көшбасшы орталық болып есептеледі. БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан.
Қала | |||||
Нью-Йорк | |||||
New York City | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел |
АҚШАҚШ | ||||
Штат | |||||
Мэр |
Билл де Блазио | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
40°43′ с. е. 74°00′ б. б.40.717° с. е. 74.000° б. б. / 40.717; -74.000 (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1624 | ||||
Бұрынғы атаулары |
Жаңа Амстердам | ||||
Қала статусы |
1653 | ||||
Жер аумағы |
1214,4 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
3 м | ||||
Климаты | |||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
8 622 698[1] адам (2017) | ||||
Тығыздығы |
1.600 адам/км² | ||||
Агломерация |
20 610 000 — үлкен Нью-Йорк, ~32 500 600 — Нью-Йорк аймағы | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Этнохороним |
ньюйорктық | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
212, 718, 917, 347, 646 | ||||
Пошта индекстері |
100xx-104xx, 11004-05, 111xx-114xx, 116xx | ||||
nyc.gov (ағыл.) | |||||
Ортаққордағы санаты: Нью-Йорк |
Нью-Йорк 5 ауданнан тұрады (боро): Бронкс, Бруклин, Куинс, Манхэттен және Статен-Айленд.
Негізгі туристік нысандар Манхэттенде орналасқан. Олардың арасында: тарихи биік ғимараттар (Эмпайр-стейт-билдинг, Крайслер-билдинг), Рокфеллер-центр, Вулворт-билдинг, Метрополитен көркем мұражайы, Метрополитен-Опера, Соломон Гуггенхайм замануи өнер мұражайы, Америкалық жантану тарихы мұражайы (динозаврлар мен планетарийлер қаңқалары), аты аңызға айналған «Челси» қонақ үйі, БҰҰ бас пәтері, Гарлем.
Нью Йоркте көптеген колледждер және университеттер де орналасқан,[2] олардың ішіне әлемдік үздік 50 қатарына кіретін Колумбия университеті, Нью-Йорк университеті, және Рокфеллер унверситеті де бар.[3]