Ойын приставкасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ойын приставкасы (қалталық жүйелер туралы айтқанда ойын консолі деген дұрыс) — бейнеойындарға арналып құрастырылып, жасалған мамандандырылған электорндық құрылғы. Бейне ақпараттарды шығарушы ретінде көбінесе теледидар немесе компьютер мониторы қолданылады, сондықтан бұндай құрылғыларды приставка деп атайды, себебі олар дербес көрсету құрылғысына қосылады.
Бастапқыда ойын приставкалары дербес компьютерлерден бірқатар маңызды белгілер бойынша ерекшеленді – олар негізгі көрсететін құрылғы ретінде теледидарды қолданды және дербес компьютерлерге арналып жасалған модем немесе пернетақта (клавиатура) сияқты көптеген стандартты перифериялық құрылғыларды қолдамады. Осы уақытқа шейін ойын приставкалары басқа приставкаларда қолдамау туралы шарт негізінде тек жеке өзіне арналған ойындарды қосуға мүмкіндік беріп келді.
Бірақ ойын приставкаларының даму сатысы көтерілген сайын, олар мен дербес компьютерлердің арасындағы шек жоғала бастады – кейбір приставкалар пернетақта, қатқыл диск қосуға мүмкіндік беріп, тіпті оларға Linux секілді операциялық жүйелерді қондыруға болады. Кейбір приставкалардың бағдарламалары мен схемалары ашық лицензиялармен таратылуы мүмкін.
Приставкалар тұтынушылардың кең ассортиментін күтуге сәйкес құрастырылған және сатылған – құрылғының бағасы тұрғысынан да, интерфейс пен басқарудың қарапайымдылығы тұрғысынан да; приставкаға арналған аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету әдетте меншік болып табылады және оларды пайдаланушы оңай ауыстыруға немесе өзгертуге арналмаған. Ойын приставканің бүкіл тарихында әр түрлі елдердің әр түрлі компаниялары оларды әзірлеумен және шығарумен айналысқанымен, нарықта кез келген уақытта тек бірнеше модельдер ғана басымдыққа ие және ірі өндірушілердің бірнешеуі ғана; 2020 жылдардың басында мұндай ірі өндірушілер американдық Microsoft және жапондық Nintendo мен Sony компаниялары болып табылады.
Ойын приставкаларының нарығы кезінде қарапайым теледидарлық ойын жүйелерінен (мыс.: Pong) басталып, қазір қуатты көпфункциялы ойын жүйелеріне айналды.