Оргазм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Оргазм (көне грекше: ὀργάω сөзінен шыққан көне грекше: ὀργασμός — құштарлықпен жалындаймын) — мықты рақаттану, тоят алғандық сезіммен сипатталатын сексуалды қозудың аяқталуы, кульминациясы.
Эрогенді зоналардың, әдетте жыныстық мүшелердің вагиналды жыныстық акт, оралды немесе аналды секс, мастурбация, серіктестің қолымен, тілімен эрогенді зоналардың қоздырудың немесе сексуалды белсенділіктің басқа та түрлері кезіндегі стимуляциясының нәтижесінде орын алады. Әйел адамдардағы клиторлы оргазм клитордың стимуляциясы арқылы болады (клитор әдеттегіде сыртқы қоздырушылардын жыныстық еріндермен қорғалған). Оргазмның ұйқы кезінде келуі мүмкін; ер адамдарды бұл эякуляциямен бірге болады да, поллюция деп аталады. Сонымен қатар ер адамдарда ұрық шашу қатты қозудың кесірінен, жыныстық мүшеге тимей ақ болуы мүмкін.
Оргазм — адамның жыныстық жауабының циклындағы үшінші және ең соңғы өзгерістер фазасы.