Ориентализм (кітап)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ориентализм (Orientalism) — америкалық интеллектуал Эдуард Саидтің 1978 жылы жарық көрген кітабы.
Ориентализм | |
Orientalism | |
Жанр | |
---|---|
Авторы | |
Түпнұсқа тілі | |
Жариялануы |
1978 |
Баспагер |
Pantheon Books |
ISBN | |
Аударма |
Ұлттық аударма бюросы 2019 |
Э.Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде Ориентализм ұғымының пайда болуын Еуропаның Орта және Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады.Аталған еңбек алғаш рет 1978 жылы жарық көрген. Содан бері түпнұсқа ағылшын тілінде бірнеше рет баспа бетін көріп, әлемнің 36 тіліне аударылған. Автор ориентализмді Батыстың Шығысты тануының күрделі, көпсатылы жүйесі деп қарауды ұсынады. Ориентализмді ол өз кезегінде жалпыға белгілі классикалық мәтіндерді зерттеу мен талдауға арналған академиялық жолдан басқа категория деп санайды. Саидтің айтуынша, «Ориентализм – Батыста империялық отарлау экспансиясының тәжірибесінде қалыптастырылған шығыс адамы жайлы белгілі бір көзқарас». Э. Саид өз еңбегінде осы жағдайдың қалай туындап, қай жолмен қалыптасқанын өткен және жаңа тарихқа көз сала отырып, жан-жақты талдайды.
Кіріспеде автор ориентализмнің бір-бірімен тығыз байланысты ғылыми-академиялық, саяси және әлеуметтік, идеологиялық сипатына тоқталып, оны жасырып жәйне айқын деген екі топқа бөледі. Аталған кітап гуманитарлық салаға өзгеше ықпал жасап, постколианлдық зерттеулерге негіз болды.
Ориентализм – эстетикалық, ғылыми, экономикалық, әлеуметтанулық, тарихи және филологиялық мәтіндердің дәнекерлігіментүсіндіруге» тырысқан гео-экономикалық көзқарастардың жиынтығы[1].