Оңтүстік Америка
құрлық / From Wikipedia, the free encyclopedia
Оңтүстік Америка — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарынын қоспай есептегенде) 17 840 000 км². Халқы 385 742 554 адам (2009). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.
Оңтүстік Америка | |
Оңтүстік Америка құрлығы | |
Территория | 17 840 000 км² |
Халық саны | 387 489 196 (2011) адам |
Тығыздығы | 21,4 адам/км² |
Этнохороним | оңтүстік америкалық, америкалық |
Енеді | 12 мемлекет |
Тәуелді аймақтар | 3 |
Уақыт белдеулері | UTC-2 — UTC-5 |
Ірі қалалары | Сан-Паулу Лима Богота Рио-де-Жанейро Сантьяго Каракас Буэнос-Айрес Салвадор Бразилиа Форталеза |
Оңтүстік Америка Ортаққорда |