Париж мэриясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Париж мэриясы (фр. hôtel de ville de Paris) — Отель-де-Виль атты қалалық сарай (Hôtel de Ville). Бұл — Қазақстандағы қала әкімдері отыратын әкімшілік секілді Париж мэрлері отыратын ғимараты. Мұнда 1357 жылдан бері қалалық билік орналасқан. Отель-де-Виль ортағасырлық Грев алаңының (place de Grève) алдынан 110 метрдей жерде.
1975 жылдан бастап, Париж қала әрі департамент болып өзгерді. Оны Париж кеңесінің (Conseil de Paris) париждік мэрі басқарады. Париждік кеңес жылына 11 рет кеңес құрады. Бұл — ашық кеңес, яғни, қарапайым халық пен БАҚ бақылай алады. Екі күнге дейін созылады. Алғашқы мэр тек 1977 жылы ғана сайланды. Себебі, билік қалаға толық администраторлық құқық беруге асыққан жоқ. Бірақ осы күнге дейін Париждік муниципиалдық полиция қала мэрына емес, Республика президенті сайлаған полиция префектіне бағынатын Франциядағы жалғыз қала.