Полонез
From Wikipedia, the free encyclopedia
Полонез (пол. polonez, фр. polonaise, яғни полякша дегеннен) — ерте замандағы поляк халқының мейрамдарда салтанатты түрде биленетін ұлттық биі. XVI ғасырдан бастап Франция және Еуропаның басқа елдеріне тарап, музыкалық пьеса есебінде белгілі болды.
В.А. Моцарт, Л. Бетховен, К.М. Вебер, Фр. Шуберттің музыкалық шығармаларында кездеседі. Ал XIX ғасырда полонез аспатық музыкада жеке музыкалық шығарма есебінде дамып, концерттерде орындала бастады. Полонез формасын дамыта түскен поляк халқының ұлы композиторы Ф. Шопен болды. Оның фортепианоға жазған 17 полонезі бар. Полонезді М.К. Огниньский, Г. Внявский, т.б. жазған. Ал М.И. Глинка, П.И. Чайковскийлар полонезді операға пайдаланды.[1]