Ривер Феникс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ривер Джуд Феникс (ағылш. River Jude Phoenix, 23 тамыз 1970(19700823) - 31 қазан 1993) - американдық актер, музыкант және белсенді. Ол Рейн, Хоакин, Либерти және Саммер Феникстердің ағасы болған.
Ривер Джуд Феникс | |
River Jude Phoenix | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Мадрас, Орегон, АҚШ |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Батыс Голливуд, Колифорния, АҚШ |
Азаматтығы | |
Мамандығы |
актер, музыкант, белсенді |
Белсенді жылдары |
1982 - 1993 |
Бағыты |
Альтернативті рок |
Марапаттары |
«Вольпи кубогі» (1991) |
IMDb |
Феникс өзінің актерлік мансабын 10 жасында теледидарлық жарнамаларда түсумен бастады. Оның алғашқы маңызды жұмысы - «Менімен бірге бол» (1986) фильміндегі рөлі. Феникс «Бір орында жүгіру» (1988) секілді «ересек» фильмдерде көрінді, осы рөлі үшін «Ең үздік қосалқы актер» номинациясында Оскарға ұсынылды. «Менің жеке Айдахо штатым» (1991 ж.) сыншылардың мақұлдауына себеп болды және Венеция кинофестивалінде Волпи кубогын Финикске әкелді. Сондай-ақ АҚШ Кинематографистерінің Ұлттық Қоғамы мен АҚШ Кинематографистерінің Ұлттық Кеңесі үздік актер сыйлығымен марапаттады. Джон Уилис оны келешегінен үміт күттірер 12 үміткердің бірі деп атады, сыншылар Роджер Эберт және Джин Сискел оған өте талантты актер деп баға берді. 1993 жылдың 31-ші қазанында Феникс есірткі дозасын жоғарылатудан Viper Room клубының кіреберісінде қайтыс болды.