Символизм (өнер)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Символизм (Symbolism) — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы аралығында Еуропада әдебиет пен өнерде өріс алған өте ықпалды шығармашылық ағымы. Символизм объктивтілікті тастап, субъективтілікке талпынады, нақты шындықты тіке бейнелегенге қарағанда оны ұқсамаған тұрғыдан тоғыспалы бейнелеуге тырысады, көп мағыналылыққа мән береді, күрделі де терең символдар арқылы түрлі идеялар мен ұстанымдарды аңғартуға тырысады.
Символизм діни мистика мен ауытқыған жыныстық құштарлықтарды өзара ұштастырып, әуелгі "түпнұсқаға" әуестенеді, күрделі де сиқырлы декадантты сарындарға бой ұрады. Олар көркемөнердің қоғамдық-әлеуметтік функциясын мансұқтады, көркемөнерді қоғамдық құралға айналдыруға айыптау жасады, адам болмысының қаһармандық даралығын жақтады, әлеуметтік мәселелерден бой тартып, жекелік ішкі рухани мән-мағынаға назар аударды.