Солтүстік теңізі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Солтүстік теңіз (фр. Mer du Nord, нем. Nordsee, нидер. Noordzee, Үлгі:Lang-fy, ағылш. North Sea, норв. Nordsjøen, дат. Nordsøen немесе Vesterhavet) — Еуропаның солүстік-батыс жағалауындағы, Атлант мұхитының шеткі теңізі. Ұлыбритания, Оркней, Шетланд аралдары мен Скандинавия, Ютландия түбектері аралығында жатыр.
Солтүстік теңізі фр. Mer du Nord, нем. Nordsee, нидер. Noordzee, Үлгі:Lang-fy, ағылш. North Sea, норв. Nordsjøen, дат. Nordsøen немесе Vesterhavet | |
Теңіздің ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 750 мың км² |
Көлемі | 94 мың км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 6 мың км |
Тереңдігі | 725 м |
Орташа тереңдігі | 95 м |
Суды жинау ауданы | 850 мың км² |
Орналасуы | |
55°51′47″ с. е. 3°20′23″ ш. б.55.86306° с. е. 3.33972° ш. б. / 55.86306; 3.33972 (G) (O) (Я) | |
Солтүстік теңізі Ортаққорда |
Солтүстігінде Норвег теңізімен, шығысында Скагеррак, Каттегат, Эресунн және Бельт бұғаздары арқылы Балтық теңізімен, оңтүстік-батысында Па-де-Кале, Ла-Манш бұғаздары арқылы Атлант мұхитымен жалғасады. Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерланд, Германия, Дания, Швеция, Норвегия жағалауымен шектеседі.
Аумағы 565 мың км², орташа тереңд. 96 метрдей, ең терең жері 725 м.
Солтүстік теніздің басым бөлігі қайраңда жатыр. Солтүстік-шығыс жағалауы қатты тілімденген (фьордты), оңтүстік-шығысы мен оңтүстік жағалауы тегіс, лагуналы, батыс қойнаулы, эстуарийлер кездеседі. Оңтүстік-шығысында Фриз аралдары мен Гельголанд аралы орналасқан. Теңізге Эльба, Везер, Рейн, Маас, Темза өзендері құяды.
Суының орташа температурасы ақпанда 2 – 7°С, тамызда 12 – 19°С. Тұздығы батыс бөлігінде 31‰, шығ-нда 35‰. Жарты тәуліктік су толысуы (7,6 м) байқалады.
Желдің әсерінен су деңгейі 3 м және одан да биікке көтеріледі. Жағалауды су басудан сақтау үшін дамбалар (поль) тұрғызылған (Нидерланд). Балық аулау (камбала, майшабақ, треска) кәсібі жақсы дамыған. Мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындары бар. Солтүстік жағалауында экономикасы дамыған елдер орналасқан; теңіз арқылы маңызды сауда жолдары өтеді.
Басты порттары: Амстердам, Роттердам (Нидерланд), Антверпен (Бельгия), Лондон (Ұлыбритания), Гамбург, Бремен (Германия), Гетеборг (Швеция), Осло, Берген (Норвегия).