Қырғи қабақ соғысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырғи қабақ соғысы (орыс. Холодная война, ағылш. Cold War) — АҚШ пен Кеңес Одағы және олардың одақтастары Батыс және Шығыс блоктар арасындағы геосаяси шиеленіс кезеңі. "Соғыс" деп аталғанымен АҚШ пен КСРО-ның арасында тікелей соғыс болған жоқ, олар тек идеологияларын (капитализм, демократия мен коммунизм қарсыластығы) басқа мемлекеттерге тарату және ықпал ету аясын кеңейту арқылы әлемдік үстемдік үшін күресті.
Қырғи Қабақ соғысы | |||
1975 ж. ортасындағы әлем картасы Қырғи қабақ соғысының Үш Әлем бөлінісі, сәуір – тамыз 1975 Бірінші әлем елдері: АҚШ және оның одақтастары басқаратын Батыс Блок Екінші әлем елдері: КСРО мен Қытай басқаратын Шығыс Блок және олардың одақтастары Үшінші Әлем: Нейтралды ұстанымды мемлекеттер | |||
Дата |
5 наурыз 1946 (негізі 14 наурыз 1947) — 21 қараша 1990 (негізі егесу Мальта саммитінен кейін аяқталды, 1989 жылдың соңына қарай) | ||
---|---|---|---|
Орын | |||
Себеп |
• Екі Жоғары державалардың идеологиялық және политикалық егесуі | ||
Нәтиже |
• КСРО мен АҚШ-тың арасындағы бейбітшілік | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социалисттік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социалисттік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социалисттік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды (“Америка дауысы”, “Азаттық”, т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 жылы КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды.[1]
Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.