Сырниктер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сырниктер — өсімдік және жануар майларында қуырылатын, құрамы ұн мен ірімшіктен тұратын тамақ.
Дайындау әдісі: Ірімшікке ұнды себелеп отырып салып, қамыр түзілгенше араластырады. Қамырға сода қосып диаметрі 4 см болатындай қамыр білемдерін жасайды да олардан түйіршіктер кесіп, ұнға аунатып табадағы қатты қызған майға қуырады. Сырниктер қаймақ немесе жеміс-жидек шырындарын қосып беріледі.[1]