Сұрыптау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сұрыптау (ағылш. selection; ағылш. sorting)
- түрлі баламалар, түрлер, мүмкіндіктер, заттар арасынан ең маңыздыларын таңдап қалдыру; бұл тұрғыда таңдау жасаудың арнайы және талғампаз түрі.
- табиғи сұрыпталу, яғни табиғаттағы барша тіршілік түрлерінің (адам да бар) ұзақ замандық (шамамен 4 млрд жылдық, адамда шамамен 6 млн жылдық) тарихи эволюция барысында ортаға үйлескендерінің өмір сүріп, үйлесе алмағандарының құрып кетуі.
- шақырулардың сұрыптаулық тізбесіне қосылған терминалды немесе оның құрауышын адрестеу; белгілі бір ережеге сәйкес жиын элементтерін топ бойынша үлестіру. Сұрыптаудың бір түрі мәліметгерді сұрыптау нышанының мәндерінің өсуі немесе кемуі бойынша ретке келтіру[1].
Сұрыптау терминінің біріне-бірі жақын екі мағынасы бар:
- Адамға сапасы және қасиеттері үшін пайдалы жануарлар қолтұқымының, өсімдіктер іріктемесінің, ұсақ ағзалар себінділерінің жаңа туындыларын шығару үдерістері сұрыптау деп түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау бұрынғы тарихка дейінгі дәуірде басталған үдеріс болып есептеледі. Алғашқы адамдар ең алғаш жабайы жануарларды қолға үйретіп, тұңғыш рет өсімдіктерді еге бастаған сәттен бастап сұрыптау жүзеге аса бастады.
- Сұрыптау дегеніміз - жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін және ұсақ ағзалардың таза дақылдарының жаңа туындыларын шығарудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғылданатын ғылым. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау XIX ғасырдың ортасынан бері өмір сүре бастады, өйткені сұрыптаудың теориялық негізі генетика және эволюциялық теория болып табылады.