Тынық мұхит аралдарының форумы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тынық мұхит аралдарының форумы (ағылш. Pacific Islands Forum) — үкімет аралық ұйым. ТМАФ-тың негізгі мақсаты — Тынық мұхитындағы тәуелсіз мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастығын тереңдету және олардың мүдделеріне өкілдік ету. Форум 1971 жылы Оңтүстік Тынық мұхит форумы (ағылш. South Pacific Forum) ретінде негізделді, бірақ 2000 жылы Тынық мұхитының солтүстік және оңтүстік бөліктерінде орналасқан мүше елдердің нақты географиялық орналасуын бейнелеу үшін, ұйымның атауы Тынық мұхит елдерінің форумы-на өзгертілді.