Уолтер Ширра
From Wikipedia, the free encyclopedia
Уолтер Марти Ширра кіші (ағылш. Walter Marty Schirra Jr.; 12 наурыз 1923, Хаккенсакта, Нью-Джерси, АҚШ — 5 мамыр 2007, Сан-Диего, Калифорния, АҚШ) — америкалық НАСА ғарышкері, АҚШ әскери-теңіз күштерінің әскери-ұшқышы. 1959 жылы АҚШ-тың ғарышқа адамдар жіберуінің алғашқы әрекеті болған «Меркурий жобасының» 7 ғарышкерлерінің біреуі болды.