Халифат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ислам халифаты (араб.: خلافة إسلامية — орынбасар) — халифалар басқарған мұсылман мемлекеттерінің атауы. Мұхаммед Пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін қайта жазу қажет. Өтінеміз, осы мақаланы жетілдіруге көмектесіңіз. Талқылау бетінде ұсыныстар болуы мүмкін. |
Бұл мақаланы не бөлімді, мәтінінің грамматикасын, мәнерін, байланыстылығын, екпіндеуін не емлесін дұрыстау керек. Сіз бұны өңдеп көмектесе аласыз. |
632–656-шы жылдар арасында халифаттың астанасы — Медине қаласы болды. Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия (Шам), Палестина, Мысыр кірді. Екінші кезеңінде оған Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында Ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929–1031-ші жылдары), Аббас әулеті халифаты (750-ші жылы), Фатима әулеті халифаты (909–1171-ші жылдары), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемлекеттер мен жергілікті әмірліктер пайда болды.
1258-ші жылы Хулагу хан бастаған моңғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін Араб халифаты мемлекеті ретінде жойылды.[1]
Халифат – халифтер басқарған, құқықтық жүйесі Исламның сунниттік тармағына негізделген мемлекеттердің жалпы атауы. Алғаш Батыс Арабияда 632–656-шы жылы Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) басшылығымен құрылған. Қазақстаннан халифат құрамына кейбір оңтүстік аймақтар (Фараб, Испиджаб, Яссы) кірген. Халифалар басқарған мұсылман мемлекеттері Шариғатқа негізделді. Халифаттың түпкі негізі VII ғасырда Батыс Арабияда Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) құрған мұсылман қауымы — үммет (араб. умма) болды. Мұсылмандардың жаулап алулары нәтижесінде халифат Арабия түбегін, Иран, Иракты, Орталық Азия мен Кавказдың көпшілік бөлігін, Сирия (Шам), Палестина, Мысыр, Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің басым бөлігін, Синдті қамтыған орасан зор мемлекетке айналды (қ. Араб халифаты Арабтардың Орталық Азияға жорықтары). VII-X ғасырларда халифатта дүниежүзілік мәдениеттің дамуында маңызы зор болған жарқын да сан алуан мәдениет қалыптасты (қ. Араб мәдениеті). IX ғасырда құрамына кірген мемлекеттердің экономикасының дамуының әркелкілігі, аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың әлсіздігі, жер-жердегі халифатқа қарсы көтерілістер, билеушілердің өзара тақ таласы мемлекеттің ыдырауын және іс жүзінде дербес ұлттардың құрылуын тездетті. X ғасырдың 1-ші жартысынан бастап Фатима әулеті (909–1171-ші жылдары), Испанияда Омейялар (929–1031-ші жылдары) мен Аббастар Халифаттары үстемдік етті. Фатима әулеті халифтері өз қолдарына діни және зайырлы билікті шоғырландырды. Аббас әулеті халифтары 945-ші жылы Бағдадты Буилер жаулап алғаннан кейін зайырлық биліктен айрылды. 1055-ші жылы Бағдадтағы Буилер билігін селжүктер алмастырды. Селжүктердің біртұтас мемлекеті ыдырағаннан кейін (1118-ші жылы) Аббас әулеті Тигр мен Евфрат алабында жаңа Халифат құрды.1258-ші жылы Бағдадты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Мысырды 1517-ші жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Мысырды жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді. Осман Халифатын 1924-ші жылы наурызда Түркия мемлекеті ыдыратты.[2]