Шахматтан әлем чемпиондары
From Wikipedia, the free encyclopedia
2023 жылдан бері қазіргі шахматтан әлем чемпионы — Дин Лижэнь. Шахматтан алғашқы ресми әлем чемпионы 1886 жылы Вильгельм Стейниц болды. 1948 жылдан бастап әлем біріншілігі үшін матчтарды ұйымдастырумен Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) айналыса бастады.
1993 жылы ФИДЕ-мен келіспеушіліктің нәтижесінде Гарри Каспаров Кәсіпқой шахмат қауымдастығын (PCA) ұйымдастырды. Бұған жауап ретінде ФИДЕ оны чемпион атағынан айырып, басқа үміткерлер арасында чемпион атағын ойнатты. Осы оқиғалардың нәтижесінде әлемде екі чемпион пайда болды: Гарри Каспаров — PCA нұсқасы бойынша және FIDE демеушілігімен өткен кездесуде жеңіске жеткен Анатолий Карпов.
2006 жылы ФИДЕ чемпионы Веселин Топалов пен «классикалық шахмат» чемпионы Владимир Крамник арасында біріктіру матчы өтті, нәтижесінде абсолютті әлем чемпионы Крамник атанды.