Эвкалипт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эвкалипт (Eucalyptus) – мирта тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұта не ағаш. 500-дей түрінің барлығы дерлік Австралия мен Тасманияда (тек 2–3 түрі ғана Оңтүстік-Шығыс Азияда) кездеседі. Биіктігі 80 – 100 м-ге дейін жетеді, діңі өте мықты. Ағаш қабығы түрлеріне қарай тегіс, талшықты, қабыршақты және қатпарлы болып келеді.
Эвкалипт | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Buds, capsules, flowers and foliage of E. tereticornis
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Natural range
| ||||||||||||||||
Species | ||||||||||||||||
About 700; see the List of Eucalyptus species | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Aromadendron Andrews ex Steud. |
Жапырақтары алғашқыда – ұзынша, кейін қандауыр тәрізді болып, жарық көзіне параллель орналасады, сондықтан Эвкалипт ормандары ашық, жарық болады. Гүлдері қос жынысты, ақ, сары немесе қызыл түсті, шатырша гүлшоғырына топталған немесе дара өседі. Оларды ара, сона, құстар және қолқанаттылар тозаңдандырады. Күлте және тостағанша жапырақшаларының пішіні қанат тәрізді, олар ағаш гүлдене бастағанда түсіп қалады. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Жарық сүйгіш өсімдік, 500 жылдай өсіп тұрады. Эвкалипттің сүрегі берік, ауыр, ақ түстен күрең қызыл түске дейін болады, оны құрылыста, қағаз жасау өнеркәсібінде қолданады. Жапырағының құрамында эфир майы бар, сондықтан оларды медицинада және парфюмерияда пайдаланады. Эвкалипт ағашы өте тез өседі, 15 жылда оның биіктігі 15 – 20 м-ге жетеді, сондықтан олар субтропиктік және тропиктік аймақтарда мәдени түрде (топырақ бекіту үшін) көп өсіріледі. Эвкалипт орманы суды көп буландыратындықтан, батпақты аймақтарды құрғатады[2].