Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі (2022 жылға дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы) — Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы.
Мемлекеттік кеңесші өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады.
Мемлекеттік кеңесші қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды.[1]