Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы — Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы дегеніміз Қазақстан Республикасы аумагының шегін — Құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігінің шегін — айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс және Сенат палаталары Кеңесінің шешімдерімен белгіленеді.[1]
Қазақстан (1936 жылғы 5 желтоқсаннан 1991 жылғы 10 желтоқсанға дейін — Қазақ КСР) Ресей, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен шектеседі. Қазақстанның құрлықтағы мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 13 398 км[2], су шекарасы 1730 км құрайды. [3]
Қазақстанның мемлекеттік шекара туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Заңынан және республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады,[4] бұл ретте халықаралық құқықтың мемлекеттен басымдығы қағидаты қолданылады. Шекараны күзетуді Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдардың күштерімен және құралдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, республика азаматтарын шекараны күзетуге ерікті негізде тарта отырып жүзеге асырады.[5]